Джудит жасаған қиын таңдау
«Джудит жасаған қиын таңдау» - бұл отбасының барлық мүшелеріне ерекше көңіл күй сыйлайтын, көрермендерді ұмытылмастай әсерге бөлейтін, ғажайыптар мен ертегі әлеміне апаратын спектакль-шоу. Ересектер мен кішкентай бүлдіршіндерге арналған қойылым сахналанғаны – жүсіпбек аймауытов театры үшін алғашқы тәжірибе. Спектакльдің динамикалық құрылымы арқылы қойылым авторлары көрерменге әке мен баланың арасындағы мәселелерді қозғайды. Бала мен ата-ана арасындағы байланыс көпірінің құлдырауы сияқты өмірдегі маңыздылығы жоғары және мәні терең құбылыстар жайлы сыр шертеді. Мүмкін байланыстың үзілу себебі -адамдардың бір-бірін түсіне алмау немесе түсінгісі келмеу салдарынан орын алып жатқан болар.
«Джудит жасаған қиын таңдау» қойылымы айналаға - балаға ересек адамның көзімен, ал ата-анасына баланың көзімен қарауға мүмкіндік береді. Кім біледі, бәлкім сен де нағыз ғажайыпқа тап боларсың? Ал ғажайыптың орын алу ықтималдығы неғұрлым аз болса, соғұрлым әсері арта түспек.
Рассказать друзьям
Рекомендуем также:


