97 человек за последний час интересовались этим событием.
Елена Әбдіхалықованың жеке шығармашылық ән кеші «Сағыныш ғұмыр»
Шын өнерді бағалай білетін, хас талант иесі - әнші, композитор, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықова 55 жылдық мерейтойы қарсаңында сүйікті көрермендерімен қауышуға асық. Өшпес әндер мен мағыналы сазды әуенге толы кеште көптің көңілінде сақталған «Сағыныш ғұмыр», «Есіңе мені алғайсың», «Кешір мені» сынды әндер мен қатар, әншінің сырға толы сағынышы, бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы, ішкі ой-толғанысы да өнер арқылы назарларыңызға ұсынылатын болады.
Осы кеште көрермен жанды дауыста шырқалатын есті әндер мен жылылыққа толы атмосфераны, халқымыздың өнеріне деген айырықша махаббатын сезіне алады. Қазақ сахна өнерінің қайталанбас жұлдызымен өтер әсерлі кештен қапы қалмаңыз, қадірлі көрермен!
Рассказать друзьям
Не хватает информации? Напишите нам, мы добавим!