Енелер мен келіндер
Қазақтың келіні қандай болуы керегінен хабары аз ауылдың баласы дәстүрді сақтаған жерден қыз алады. Алған келіндері Нұржайна әнші еді. Сүйіктісі Алматпен бірге ансамбль құрып, ән айтатын. Құдалыққа өзі бара алмай келінін жіберген Риза әжей немере келіні туралы жағымсыз әңгіме есітеді. Қысқа киіп, кіндігін ашып сахнаға шығатын қызды көрмей жатып-ақ жақтырмай қалады. Ал келесі күні басында ақ орамалы, етегі тобығына жеткен көйлегі бар, ата-енесіне иіліп сәлем беріп тұратын келіншекті көргенде, талып қала жаздайды. Келінді көрейік деп кіргендер «ойбай, мынауың кім?» деп атып шығады. Енелер армандайтын ибалы келін бір отбасыға, бүтін бір ауылға әсер ете ала ма? Қойылым «қазіргі күнгі енелер мен келіндер қандай?», «ата-ене қандай келінді армандайды?» деген сауалдарға жауап береді
Рассказать друзьям
Рекомендуем также:
