Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

Естайдың Қорланы

Купить билеты

Естай – дауыс Қорлан – елеске, өмірде қолы жетпеген аңсар ғашығына:

«Құдіретім деп таныдым,

Құрбандығың болайын.

Сен мың жаса, Жарығым,

Мен-ақ көктей солайын!

Күрсінбе де, күрмелме –

Азғырар Ай, арбар Күн.

Сен жер басып жүргенде,

Махаббат – бар, Мен – бармын!» – деп үн қосады.

Бұл – нәзік сезіммен өрілген махаббаттың қайғысы мен азабы туралы үн…  жәй емес, рухты үн.

Ал, біз осыдан артық айта аламыз ба?.. Әркімнің ішкі Әлемінде өз Қорландары мен өз Естайлары бар. Бастысы, Ай азғырып, Күн арбамай, ішкі дауысымыз алдамай, әдемі ғұмыр кешкенге не жетсін?!

«Естайдың Қорланы» қойылымы – жан-дүниеңізге астаң-кестең түрлі күйлерді кештіріп, Махаббат-Әлемінің Құдіретіне бас идірері хақ.