97 человек за последний час интересовались этим событием.
«Folk Show» концерті Оралда
FOLK SHOW — Оралда!
Музыка сүйер көрерменге арналған ерекше кеш! Осы қыста Орал қаласында заманауи форматтағы жарқын музыкалық шоу өтеді.
22 қаңтар күні, сағат 19:30-да Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармонияның
«Атамекен» концерт залында Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің қатысуымен FOLK SHOW концерттік бағдарламасы ұсынылады.
Бағдарламада қуатты дыбыс, ерекше аранжировкалар және әсерлі сахналық шешімдер тоғысады.
Әлемдік хиттер, танымал саундтректер, авторлық туындылар — барлығы бір кеште. Жобаның авторы әрі дирижері — Әділет Азбаев.
FOLK SHOW — осы қыстың басты музыкалық кештерінің бірі.
Рассказать друзьям
Не хватает информации? Напишите нам, мы добавим!
