Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

Ғашық – жүрек

Купить билеты
Купить билеты

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры  жырсүйер халықтың жүрек түкпірінен орын алған қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арнап «Ғашық – жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымын сахналайды. Бұл – ақиық ақынға деген құрмет, қаламгер шығармашылығына деген махаббат.   

«Ғашық-жүрек» спектаклі автордың ой-арманынан, жан сарайынан, ішкі танымы мен толғанысынан туған өлең-жырлары мен әндеріне құрылған сахналық қойылым. 
Сонымен бірге, Отан-Ана мен Табиғат-Ананың болмыс-бітімін арқау еткен, махаббат пен ғадауат, ғашықтық пен достық, жақсылық пен жалғандық секілді сан қырлы тақырыптарды суреткерлікпен жырлай білген тұлғаның өмір хақындағы ой-толғамы іспеттес.

Поэтикалық-музыкалық қойылым жырға іңкәр көрерменді руханият әлемімен тілдестіріп, олардың жүрегіндегі адами құндылықтарды байытып, оқылатын өлеңдердегі  тақырыптар мен орындалатын әндердегі оқиғаларды жас көрерменнің көкірегіне тоқып, санасына сіңіреді. Сонымен қатар, жас ұрпақтың қиял қанаттарын әдеби әлемнің көгінде қалықтатып, жан-дүниесіне көркем өнердің сәулесін түсіріп, олардың табиғатында суреткерлік таным-түсінік пен өнерпаздық көзқарасты қалыптастырады. Қазақ поэзиясының ұлы тұлғаларының бірі Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына деген құштарлығын күшейтіп, сүйіспеншілік сезімдерін жандандырады.

Актерлер:

Мұқағали Мақатаев  Қазыбек Есқара, Асылхан Төлепов, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Ерназар Жаңатілек                                                                           

Алтынбек Аманқұлов

Саламат Мұқашев

Аман Ғұмаров

Замира Сапар

Сұлтан Кеңшілік

Армат Амандықов

 Гүлдана Әбдісадық

Оразалы Игілік