97 человек за последний час интересовались этим событием.
«Ғашықтық» концерті Ақтөбеде
Ақтөбеде жаңа форматта, жанды дауыста өтетін ерекше музыкалық кеш!
Қазақстандағы алғашқы отбасылық домбырашылар дуэті – домбырашы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ардақ Елеусіз бен республикалық және халықаралық өнер байқауларының лауреаты Тоғжан Үмбет туған ел алдында алғашқы бірлескен концертін ұсынады. Кеште Ардақ Елеусіздің сөздеріне жазылған әндері, авторлық туындылары мен жүрекке жақын әндері де осы сахнада орындалады.
Кештің қонақтары:
• Мәди Ахметқожа – елге танымал эстрада әншісі
• Нұртас Омаров – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
• «Ақтөбе» вокалды аспаптар ансамблі
Музыкаға, махаббатқа және ұлттық өнерге толы әсерлі кешті жіберіп алмаңыз!
Рассказать друзьям
Не хватает информации? Напишите нам, мы добавим!