«Қара пима» Ақсу қаласында
Ананың денсаулығы - жанұяның дені саулығы... Әрбір отбасының ұйтқысы болған Ана жүрегінен тарайтын мейірім мен жылулықтың болмауы, шаңырақтың жұпыны күйге түсуінің басты себепшісі. Дер кезінде қол ұшын созу, уақыт қадірі, адам құндылығы көрініс тапқан қойылымда, жақсылық пен жамандық, махаббат пен ғадауат, өмір қарама-қайшылықтары әлеуметтік теңсіздікпен үндесіп, қоғамның тыныс-тіршілігін суреттейді. Ал, қателіктен сабақ алып, жаңа қоғамға қайта оралу қаншалықты оңай? Бәлкім, өткен шақтың қателіктері орны толмайтын өкініштің ошағы іспетті шарпып әкетеді ме? Мүмкін, адамдар жауапкершілік пен өздерінің жақындарына қамқорлық жасауды ұмытып кеткен кезде қиындықтар мен өкініш туындайтын шығар...
Ал, сіз қалай ойлайсыз!? Жақындарыңызға қаншалықты қамқорлық танытып жүрсіз?