«Қас-қағым...» М. Әуезов театры гастрольдік сапармен Жезқазған қаласында
Бойжеткен Жазира беймәлім дертке ұшыраған. Осылай деп білетін, сондықтан-да «жалғызы жолында жан пида», бірақ, өз өмірінің мағынасы – мансабын да бір сәт естен шығармайтын әкенің қимыл-қарекеті және оның «қағанағы қарқ, сағанағы сарқ» ортасының «құндылықтары» - қойылымның бірінші қабаты.
Бойжеткен Жазира ешқандай да дертке ұшырамаған. Сондықтан да «денім сау, мен тек махаббатқа сенуім керек, сонда ғана барлығынан құлан-таза айығамын» деп психиатр Сәбитке ағынан жарылатын оның бірте-бірте өзгеретін психологиялық-рухани ахуалы қойылымның келесі қабаты. Спектакльдегі оқиғалар шым-шытырғы бірде ап-айқын болса, енді бірде ирреалдылық кеңістігіне шығады.
Метафизикалық трагедия махаббатсыз, имансыз, сенімнен жұрдай қоғамның қорқынышты болмысын зерделеуге бастайды.
Рассказать друзьям
Рекомендуем также:
