Керқұла атты Кендебай
Қазақ хандығының құрылғанының 560 жылдығына орай, Ә.Файзуллаұлының «Керқұла атты Кендебай» атты бабаларымыздан қалған рухани алтын мұра қазақ халық ертегісін тамашалауға шақырамыз.
Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында Қазанғап деген бір кедей, күндердің күнінде ұлды болады. Сол бала алты жылда алып жігіт болып, құралайды көзінен тигізген мерген атанады. Керқұла атқа мінген Кендебай алғыр, күшті әрі мейірімді болып өседі. Күндердің күнінде Кендебай өзінің көршілес еліне жау шапқанын естіп, ызаға булығып, «Мен жерімді ойрандатып, батырымызды қорлатып, ұрпағымызды көз жасына бөктіріп қоя алмаймын, жауымнан кек аламын», деп жорыққа аттанады. Алдынан кездескен кедергілерден сүрінбец өтіп, жеңіске жетеді. Содан бастап ол аймақ «Керқұла атты Кендебай» батырдың елі атанады.