Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

«ХАТ»

Купить билеты
Купить билеты

Біз, өмірге қатысты көптеген қателіктер жібереміз. Өмірдің сондай қысқа, алдамшы, бір-ақ сәттік екенін ұмытып кетеміз...елемейміз... ескермейміз...Өзімізді өлмейтіндей көреміз. Бұл өте қауіпті дерт сияқты. Ал, Құдайды тану арқылы адамдардың өмірге деген көзқарасы өзгеретіні белгілі. Аталмыш қойылымның негізгі айтар ойы да осыған келіп саяды. Спектакльдегі басты кейіпкер Оскар, әуел баста Жаратқан иесіне мүлде сенбейді. Ол қатерлі ісікке шалдыққан. Бүкіл жаратылыс оған қарсы болып көрінеді. Бірақ, кейін мұның барлығы қателік екенін, ұғынады... түсінеді... Оның ойын өзгерткен кейіпкер – Алқызыл Бикеш, яғни, Роза әжей! Ол Оскардың көңілін аулау үшін небір ғажайыптар, түрлі аңыздар ойлап табады. Екі кейіпкердің арасындағы диолог кейде мұңға, кейде ойға батырып, кейде күлкі тудырады.

«Оскар және Алқызыл бикеш» шығармасы кең таралған туындылардың бірі. Француз жазушысы Эрик-Эмманюэль Шмиттің аталған туындысында қоғамдағы өзекті мәселелер қозғалады. Адамдардың бойынан мейірім, қайырым, сүйіспеншілік қасиеттері жоғалған, қазіргі уақытта, бұл шығарманың маңызы, мәні зор болмақ.

Актерлік құрам: Инабат Әбенова, Алтынгүл Серкебаева, Жанат Чайкина, Майра Омар, Ерғұлан Жанпейісов, Руслан Алишев, Арай Омарова, Айман Карпсеитова, Асылбек Қапаев, Самат Байыров, Динара Егубаева, Амира Омарова, Сая Тоқманғалиева, Жанар Қасымова

Музыкамен көркемдеуші оркестр мүшелері: Закариянова Даяна, Яхина Динара, Юсупова Диляра, Канажанова Балжан, Баярстанова Еркежан, Никифорова-Денисенко Надежда, Бикенова Диана, Мачжан Юсуп