КЛАССИКАЛЫҚ МУЗЫКА КЕШІ
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен халықаралық байқаулардың лауреаты, қытайлық пианист Ван Юйцянь елордалық көрермен назарына жаңа концерттік бағдарламасын ұсынады.
Ван Юйцянь - Германиядағы «PIANALE» халықаралық пианистер байқауының және Қытайдағы Ф.Шопен атындағы халықаралық пианистер байқауының І орын иегері, сондай-ақ Қазақстанда өткен «Шеберлік жолы» IV халықаралық пианистер байқауының Гран-при иегері. Чанчунь қаласында дүниеге келген музыкант Н.Г.Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясында білім алып, қазіргі таңда П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, профессор Ирина Плотникова сыныбында шығармашылық жолын жалғастыруда. Ван Юйцянь Ресей, Қытай және Еуропаның беделді сахналарында өнер көрсетіп, жетекші оркестрлермен әріптестік орнатқан. Оның орындаушылық мәнері сыншылар тарапынан да жоғары бағаланып келеді.
Кеш бағдарламасы: Т.Қажығалиев «Дала аңызы» балетінен сюита, А.Скрябин «Фантазия h-moll», П.И.Чайковский Фортепиано мен оркестрге арналған №1 концерт.
