Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07

Көңіл көктемі

Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әртістері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жаңылсын Хасанова, ҚР Мәдениет саласының үздігі Майра Хайдарова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Дария Бақытованың «Көңіл көктемі» атты концерті.

Әуелете салған кәусар ән мен әсем саз бұлағынан сусындағыңыз келсе -сезімге толы әндер мен жүректерді елжіретіп, көңілдерді толқытатын әсерлі кешке асығыңыздар! Кеште әншілер, Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен (көркемдік жетекшісі және бас дирижері ҚР Мәдениет саласының үздігі Жарас Сатыбалдиев), сонымен қатар, сазсырнай мен жетіген аспабында да жеке және трио болып әндер орындайды.Кеш барысында «Қарақат» мектеп студиясының «Сырғалым» жетігеншілер ансамблі, «Әуен» тобы, «Әгугай» тобы, «Айналайын» өнер мектебінің бишілері, «Атамекен» халық биі ансамблі, «Атамекен» ерлер би ансамблі өнер көрсетеді