Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

Премьера! Қорғансыздың күні

Купить билеты

Қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» шығармасы – тағдырдың тәлкегіне түскен адамның халі мен әділетсіз қоғам шындығын бейнелейтін терең туынды. Жазушы жас Ғазиза бейнесі арқылы әлеуметтік теңсіздікті, адам тағдырын аяқасты еткен қатыгездікті, озбырлық пен дүниеқоңыздықты айна-қатесіз суреттейді.

Қойылымда қорғансыз жанның қасіреті мен жан дүниесіндегі арпалыс көрініс табады. Бұл драма – ұлттық мінезді, заман шындығын, адамгершілік пен ар-ождан мәселесін қозғайтын мәні зор қойылым.