Менің атым Қожа 2: Жаңа Саяхат (2025)
15 жастағы Қожаберген роман жазған ең жас жазушы болғысы келеді. Өзінің соғысқа кетіп, оралмай қалған әкесі туралы кейбір естеліктерді санасында жаңғыртып, күнделікті күйбең тірліктен алған әсерін түйіндеп жазуды мақсат етеді.
Бірақ оның алдынан үнемі қандай да бір кедергілер шыға береді. Айналасында жанын ұғар ешкім жоқ. Анасы да жан дүниесін түсінбейді, ауыл мұғалімдері де Қожаның ойын елемейді. Қожа үйіне келгіштеп жүрген Қаратайды әкесінің орнына таласқан «жау» көреді.
Сол үшін қара мотоцикл мінген Қаратайдың төбесі көрінсе болғаны, сотқарлық жасауға дайын тұрады. Ал жақын досы Сұлтанға басы қосылса болғаны бір бәлеге ұшырайды. Бірде Қожаның бала махаббаты Жанарға арнаған өлеңін тауып алған Жантас, оны бүкіл сыныптың алдында мазақ етеді.
Осындай сыртқы және ішкі қайшылықтарға тап болған Қожа Сұлтанмен бірігіп Қаратайдың мотоциклін ұрлап қашып кетеді. Жолда екі дос керісіп қалып, аңдамай мотоциклді жарып алады. Осылайша бүкіл ауыл үлкендері сотқар Қожаны жиынға салып, жазаламақ болады.
Рассказать друзьям
Рекомендуем также:


