Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Қыз Жібек» операсынан үзінді

Купить билеты

18 қараша күні 18.30-да Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында көрнекті композитор, Қазақ КСР Халық әртісі Евгений Брусиловскийдің 120 жылдығы аясында «Қыз Жібек» операсынан үзінділер орындалады.

Қазақ опера өнерінің інжу-маржаны саналатын «Қыз Жібек» операсынан үзінділер К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің негізінде филармония әншілері мен камералық хордың орындауында ұсынылады. Бұл туынды – ұлттық классикалық өнердің бастауында тұрған, қазақ халқының бай музыкалық дәстүрін кәсіби сахнаға шығарған тұңғыш опералардың бірі. «Қыз Жібек» – қазақ халқының сүйіспеншілікке, адалдық пен ерлікке құрылған

эпикалық жырының негізінде жазылған шығарма. Көрермен назарына ұсынылатын концерттік орындауда Төлеген мен Жібектің махаббат тарихы, қазақ даласының сұлулығы мен салт-дәстүрі, операның ең әсерлі сәттері мен ариялары орындалады. Бұл кеш – классикалық мұрамызды қайта жаңғыртып, қазақ опера өнерінің көркемдік биігін паш ететін ерекше мәдени оқиға болмақ. Кеш қонағы: Қазақстанның Халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері, композитор және дирижер Айтқали Тілепқалиұлы Жайымов.