Мадемуазель Нитуш
Париждегі Варьете театры 1883 жылы алғаш сахналаған француз композиторы Ф.Эрвенің ең танымал «Мадемуазель Нитуш» опереттасы негізіндегі музыкалық қойылым комедияға құрылған.
Өнерімен, тапқырлығымен үлкен театр сахнасында өнер көрсеткен Денизаның айласы, тосын әрекеттері қойылымның басты сюжеті болып табылады. Өнерге ғашықтықпен ұстазы Флоридордың опереттасын жаттап алған талдырмаш бикештің тосыннан көрсеткен өнері көрерменді тәнті етеді. Адам мінезін ашу үшін комедиограф оқыс оқиғалар мен күлкілі көріністерді шебер келтіреді. Ащы күлкі, өткір әжуа көрерменге эстетикалық ләззат береді.
Комедия финалы жағымды шешіммен, баянды күймен аяқталады.
Рассказать друзьям
Не хватает информации? Напишите нам, мы добавим!