Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

Махаббат мұңы... ПРЕМЬЕРА!

Купить билеты
Купить билеты
Купить билеты

Тахауи Ахтановтың «Махаббат мұңы» шығармасы - жүрек тереңінен сыр шерткен, адам жанының нәзік иірімдерін бейнелеген сыршыл туынды. Драмада соғыстан кейінгі өмірдің қатаң шындығы мен адам бойындағы мейірім, махаббат, адалдық сезімдері нәзік өріледі.

Басты кейіпкерлер - Ләззат пен Нияз. Екеуінің арасындағы махаббат - өмірдің аласапыранында пәк те шынайы сезімнің сынға түсуінің көрінісі. Ләззат - нәзік жүректі, бірақ рухы мықты қыз. Ол үшін махаббат - тек сезім емес, өмірдің мәні мен ардың айғағы. Ал Нияз - тағдыр дауылында өз орнын табуға тырысқан, бірақ кей сәтте әлсіздікке ұрынған жас жігіт.

Автор жастардың тағдыры арқылы махаббаттың тек қуаныш емес, сонымен бірге мұң мен рухани күрес екенін көрсетеді. Қойылым адам жанының тазалығын, шынайы сезімнің құнын, өмір алдындағы адалдық пен ар-намыстың биік қасиетін жырлайды.

Кейіпкерлер:

  • Ләззат /ақын қыз/ - Арайлым Тұрлан
  • Нияз /ақын/ - Әбутәліп Әмре
  • Ана /Ләззаттың анасы/ - Балжан Зиякулова
  • Салиха /сыншы, Ләззаттың бірге оқыған құрбысы/ - Назерке Серікболова,
  • «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
  • Бағила /Ләззаттың бірге оқыған құрбысы/ - Шехназа Қызыханова
  • Қуантай /ғалым/ - Шыңғыс Жақыпбай
  • Нарқоспақ /Бағиланың күйеуі/ - Заңғар Әбдірәсіл
  • Көпшілік сахнада: Студенттер