97 человек за последний час интересовались этим событием.
«Мәңгілік әуен» Ақнұр Аманбаеваның шығармашылық концерті
Құрметті қызылордалықтар және қала қонақтары!
Сіздерді «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің әртісі, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Ақнұр Аманбаеваның «Мәңгілік әуен» атты жеке шығармашылық кешіне шақырамыз!
Тұнық әуен, әсем әнмен тербейтін сазды кеште «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен Өнертану ғылымдарының магистрі, Республикалық конкурстардың лауреаты Темір Жансая, филармония әртістері, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Жаннұр Аманбай және Заманбек Нысанбаев өнер көрсетеді.
Ансамбльдің көркемдік жетекшісі - Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Айдар Мақсұтұлы
Сазсырнайдың сырлы әуенімен Сыр сахнасын сиқырға бөлейтін сұлу кештен қалыс қалмаңыздар!
Рассказать друзьям
Не хватает информации? Напишите нам, мы добавим!
Рекомендуем также:
Иллюзия обмана 3
от 30 смн.
Иллюзия обмана 3
