Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Мәңгілік бала бейне» М. Әуезов театры гастрольдік сапармен Түркістан қаласында

Купить билеты

Қазақ сахна өнерiн әлемдiк деңгейге көтеріп, мәртебесiн аспандатқан, сахналық шешiмдерiнiң тереңдiгiмен жаңашыл режиссер атанған өнер тарланы Болат Манашұлы Атабаевтың бірегей қойылымы, аты аңызға айналған «Мәңгілік бала бейне» қалпына келтіріліп, көрерменіне тағы бір мәрте жол тартты.

Спектакльде адамзат әлемінің бүгінгі тағдыр-бейнесі, моделі атомдық эксперименттің объектісі болған Қарауыл ауылы өмірінің ащы ақиқаты – мүгедек қыз Ләйлә және оның әлеуметтік ортасыарқылы зерделенеді.

Қарауылдың адамгершілік барометрі, табиғи рух сәулесі Ләйлә еді. Оған өз еркімен өмірден баз кештірген атом ғана емес, адамдар да. Спектакль финалында Ләйлә-Сұлулықтың дарға асылғанын көресіз. Адамдар Сұлулықты өлтірді, демек өз тамырына балта шапты. Ләйлә өлді – Қарауыл өлді. Қарауыл өлді – қазақ өлді... Болашақ бар ма, жоқ па?! Осы бір ащы ақиқат саналарына ұрған қарауылдықтардың финалдағы музыка, реквием-хор (Карл Орфф) атмосферасындағы жанталасы ғана үміт отын себездетеді.

Актерлік құрамда:

ЛӘЙЛӘ – «Үміт» номинациясы бойынша Қазақстан Театрлар Ассоциациясының «Сахнагер» Ұлттық театр сыйлығының иегері Ажарлым Бақытжанова @azharlym_magzum_official

ШӨКІШ – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шынар Жанысбекова @shynar.janisbekova

ҚАТИРА – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Данагүл Темірсұлтанова @danagultemirsultanov

ҰЗЫНҒАЙША – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Меруерт Умарбекова @umarbekova.meruert

КҮЛӘЙ – «Құрмет» орденінің иегері Гүлшат Тұтова @gulshattutova

БӘТИ – «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Саяжан Реал-Бланко @sayazhan.dautbaevna

ШЫЛҒАУБАЙ – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Нұрәсілов

РАҚИЯ – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Күлбану Әшімова

ҚАТША – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айзада Сатыбалдиева

БОЛТАЙ – Мейрамбек Тағанов @meirambek_taganov

ПЫСЫҚАЙ – Қазақстан Республикасының «Серпер» Жастар одағы сыйлығының лауреаты Жасұлан Байсалбеков @jasulan_baisalbekov

КҮЛӘШ – Жанаргүл Жаныаманова @zhanargul_zhanyamanova

ҚҰМАР – Қуаныш Бейсағалиев @kuanysh_beisagaliev

АРТИСТ – Шерхан Пірназаров @sherhanpirnazar

ҚАБЫЛ – Қасым Демеу @kasymdemeu

КЕЛІН – Гүлнұр Досанова @gulnur.dossanova

ҚҰМАРДЫҢ ҚАЛЫҢДЫҒЫ – Зарина Каташева @__katasheva__

ЕЛЕС – Ұлжан Райханова @raikhanovaaa_