ПРЕМЬЕРА! МӘНШҮК
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың қысқа әрі қайсарлыққа толы өмірін бейнелейтін «Мәншүк» музыкалық драма сахналанады.
Қойылымның мақсаты есімі аңызға айналған, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырған қазақтың батыр қызы жарқын өмірін, Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі етіп, өнеге ету. Туынды тарихи деректерге негізделген.
Кейіпкерлер:
1. Мәншүк Мәметова (Қаһарман қыз, Кеңес Одағының батыры) -
Мақпал Дүйсен, Гүлден Құрмет
2. Ахмет Мәметов (Әкесі, алаш қайраткері, ақын, тілші, сыншы, дәрігер)
Қазыбек Есқара
3. Әмина Сүлейменқызы Мәметова (Анасы, педагог)
Калима Наушабаева
4. Мәдина әже (Әминаның анасы) – Майра Омар
5. Жеңсігәлі Мәметов (Мәншүктің туған әкесі) – Асхат Мұсағалиев
6. Тойылша (Мәншүктің туған анасы) – Ақниет Зәмзат
7. Нағи /Нәдір/ Мәметов (Жеңсігәлінің ұлы) – Ильяс Өтетілеу
8. Қадыр Мәметов (Жеңсігәлінің ұлы) – Жанғали Темірғалиев
9. Қанат Мәметов (Ахметтің інісі) – Алтынбек Аманқұлов
10. Майра Мәметова (Қанаттың әйелі, Мәншүктің сырлас жеңгесі)
– Нұрай Рысбекова
11. Хамида Манаева (Мәншүктің институттағы курстасы)
– Арелана Амангелді
12. Мәриям Сырлыбаева (медсестра, батальон дәрігері)
– Шынар Қалдыбай
13. Сақтаған Бәйішев (подполковник, бригада командирі)
– Оразалы Игілік
14. Нұрәлім Жантелин (100-ші атқыштар бригадасының жауынгері, Мәншүкке ғашық жігіт) – Дінислам Нұрмағанбетов,
Нұржас Садырбаев
15. Әзілхан Нұршайықов (жас жазушы, 100-ші атқыштар бригадасы) –
– Ернар Мұхамбет
16. Әбілқайыр Баймолдин (100-ші бригада командирінің орынбасары) –
– Саламат Мұқашев
17. Ыбырайым Сүлейменов (100-ші атқыштар бригадасының жауынгері)
– Мұхаммедсаид Бағашаров
18. Сұлтан Жиенбаев (100-ші атқыштар бригадасының жауынгері)
– Мағжан Омар
19. Рымбек Бәйсейітов (100-ші атқыштар бригадасының жауынгері)
– Аққанат Қуандықов
20. Асқар Закарин – 100-ші атқыштар бригадасы газетінің редакторы
– Абзал Арапов
21. Ахметқазы Болатов (100-ші атқыштар бригадасының жауынгері)
– Еламан Иманбаев
22. Жамбыл Жабаев (жыр алыбы) – Нұржан Тыныбек
23. Алексеев (Мәншүкті армияға шығарып тастаған комиссар)
– Талғат Кеңес
24. Тахауи Ахтанов (жас жазушы) –Сұлтан Кеңшілік
25. Александра Прокопенко (ұстаз) – Дана Верещак
26. Балқия апа (Мәншүктің әпкесі, 15 жаста) – Аружан Темірханова
27. Мәлік Ғабдуллин (жас жазушы, Кеңес Одағының батыры)
– Бибол Байғара
28. Аудандық әскери комиссар – Армат Амандықов
29. Институт директоры – Ақәділ Иманғали
30. Мәншүктің бала кезі (7-8 жасар кезі) – Дана Асхатқызы