Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

Мен сені сағындым

Купить билеты

Бұл қойылым өзгеше форматта камералық театр үлгісінде сахналанған. Қойылым ерекшелігі көрермен мен шығармашылық құрам сахнада болады.

Қойылымның негізгі өзегі, бүгінгі күнде белең алған ерлі-зайыптылардың ажырасу мәселесі.  Пьесадағы кейіпкерлер әр түрлі себеппен  сотқа шағымданады. Былай алып қарасаң ешқайсысынанда ақ некені аяқ асты етіп, екі бөлек кететіндей бәлендей үлкен мәселе байқамайсыз. Бірақ қырандай қырағы көзбен шолып қарасаңыз, қоғамда қордаланған, көзге көріне бермейтін түйткілді жағдайлар жетерлік екенін аңғара аласыз. 

Қойылым барысында, шаңырақты сақтайтын жалғыз нәрсе, махаббат пен парасат екенін түйсінесіз. Махаббат бар жерде мөлдірлік, тазалық шынайылық болары сөзсіз. Олар  бар болғаны бір-бірінен жан дүниенің үндестігін іздейді.