97 человек за последний час интересовались этим событием.
«Мұғалім» Премьера!
Қ. Мұраттың «Мұғалім» пьесасы – қоғам мен адам арасындағы жауапкершілік, ар мен таңдау тақырыбын терең қозғайтын әлеуметтік драма. Қойылымда ұстаз бейнесі арқылы бүгінгі қоғамдағы моральдық дағдарыс, жүйе мен жеке тұлғаның қақтығысы, үнсіздік пен батылдық арасындағы күрес сахна тілімен ашылады.
Режиссер Данияр Базарқұловтың интерпретациясында спектакль көрерменді «мұғалім кім?» деген сауалдан «адам қандай болуы керек?» деген үлкен сұраққа жетелейді. Бұл — тек бір мамандық туралы емес, әрқайсымыздың ішкі ұстанымымыз бен азаматтық таңдауымыз жайлы ой тастайтын қойылым.
Қоюшы режиссер - Д.Базарқұлов;
Қоюшы суретші - Т.Қоесов;
Композитор - А.Кітапқали;
Балетмейстер - Э.Машаева;
Хормейстер - М.Нұрлыбекқызы.
Рассказать друзьям
Не хватает информации? Напишите нам, мы добавим!
