Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Нұрғиса» хореографиялық спектаклі

Купить билеты

Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театрының көрермен залында 01 қараша, сағат 17:00 де Қазақстанның халық артисі, «Халық қаһарманы», композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай «Нұрғиса» хореографиялық спектаклі  өтеді. Спектакльдің басты мақсаты әйгілі композитор, дирижер НұрғисаТілендиевтің өмірі мен шығармашылығын халыққа би тілімен жеткізу.

Қазақ музыка мәдениетіне үлкен үлес қосқан өнердің алып тұлғасы Нұрғиса Тілендиевтің өмірін алғаш бимен өрнектеген – Астана  қаласындағы «Наз» мемлекеттік би театрының өнер ұжымы. Өскелең ұрпақты Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығымен таныстыру, жастар арасында халық  музыкасын насихаттау, тыңдармандарды ұлттың рухын құрметтеуге, би өнерін дәріптеуге үндеу мақсатындағы спектакльдің тағылымдық тәрбиесі өте зор.