Өз елім
21 қазан күні сағат 18.30-да филармония төрінде қазақ халқының ұлы композиторы, Қазақ КСР мен КСРО-ның халық әртісі, Халық қаһарманы, дирижер, домбырашы, біртуар өнер иесі Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің 100 жылдығына арналған
К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің «Өз елім» атты концерті өтеді. Көркемдік жетекшісі және бас дирижері: «Мәдениет саласының үздігі» Руслан Қойшыбаев, дирижері: Жанат Рашит. Ұлы сазгердің шығармалары - халықтың жүрегінен ерекше орын алған рухани қазына. Артында жауһар туындыларын қалдырған өнер тарланының ғасыртойы – өнер сүйер қауым үшін тек еске алу емес, сонымен бірге Нұрғиса
Тілендиев мұрасын бүгінгі заманмен үндестіріп жеткізуге арналған маңызды мәдени оқиға. Бұл кеште аңыз адамның өшпес мұрасы жаңғырып, әйгілі шығармалары жаңа тыныспен орындалады. Бағдарламаға «Гәкку» би ансамблі мен солисттер қатысып, өнер көрсетеді. Қазақ музыкасының абызы Н.Тілендиевтің шығармалары орындалатын тамаша кешке келіңіздер!
Рассказать друзьям
Рекомендуем также:


