«Қозы Көрпеш - Баян Сұлу»
Қозы Көрпеш - Баян сұлу -махаббат дастаны. Арманына жете алмаған қос ғашықтың трагедиясы.
Шынайы махаббат пен сүйіспеншілікке кедергі болған қатыгез әке үкімі, қатал тағдыр тәлкегі, байлық пен кедейлік тартысы -екі жасты ізгі арман, адал ниеттеріне жеткізбеді. Баянын іздеген жас батыр Қозының жолына тұрған Қодар, алаң көңіл қос мұңлық - Мақпал мен Күнікей, арам ниет Жантық, серттен тайған әке Қарабайсәулетті сыры бар лиро-эпос жырының негізгі кейіпкерлері.
Қазақтың белгілі классик жазушысы Ғабит Мүсіреповтың қаламынан туғанына 80 жылдан асқан Қозы мен Баянның мәңгілік жыры – пәк махаббат сезімін, ұрпақтан ұрпаққа үлгі боларлық адалдық қасиеттерді арқау еткен. Ол қай дәуірде де көрерменін бейжай қалдырмайтын, ойлантып, толғандыратын құнды шығарма.