Сарыарқа саздары
Астана қаласы әкімдігінің «Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония» Қазақ оркестрінің Тәттімбет Қазанғапұлының 210 жылдығына арналған «Сарыарқа саздары» атты концерті өтеді.
Концертте қазақтың ұлы күйші-композиторы Тәттімбеттің туындылары мен Тоқа, Қыздарбек, Сембек, Әшімтай, Дайрабай, Әбікен, Аққыз, Мағауия сынды ізбасарларының да күйлері орындалады.
Концертті Тәттімбеттің өмірі мен шығармашылығын зерттеп, ұлы күйші мен оның ізбасарлары туралы «Сарыарқа саздары» атты энциклапедиялық еңбек жазған ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, дәулескер күйші Біләл Ысқақов осы кешті жүргізіп, күй шертеді. Сондай ақ, осы кешке белгілі күйшілер ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Жүзбай, өнер танушы Ахат Байбосынов, «Құрмет» орденінің иегері Жанар Жүсіпова және тағы басқа белгілі күйшілер өнер көрсетеді.
Қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижёры Қазақстанның Халық әртісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, профессор Айтқали Жайымов.
Дирижёр - Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов.
