97 человек за последний час интересовались этим событием.
«Сені сүйем...» Премьера!
Бұл ер мен әйелдің арасындағы күрделі қарым-қатынас пен өмірге деген әртүрлі көзқарастарын суреттейтін қойылым. Олардың бір-бірінен айырмашылығы сонша, екеуі бірге бола алады ма деген сұрақ еріксіз туындайды. Өз қалауларын түсіне алмаған, шешім қабылдауға қабілетсіз қос кейіпкер ішкі сезімдерімен арпалысқа түседі. Махаббат қанша жерден күшті болғанымен, ғашықтар бір-бірінің кім екенін түсініп, қабылдай алмаса сезім айдынында бірге ғұмыр кешу мүмкін емес. Режиссердің интерпретациясында кездейсоқ танысқан екі жалғыз адамның махаббат оқиғалары қалай көрініс табады?
Сарсаңға түскен қос кейіпкердің тартысқа толы шиеленісін және спектакльдің тың нұсқасын көріп, сұрақтарыңызға жауап алғыңыз келсе, спектакльді көруге шақырамыз!
Рассказать друзьям
Не хватает информации? Напишите нам, мы добавим!