«Шым қала» тарихи-мәдени кешені
«Шым қала» тарихи-мәдени кешені – жергілікті маңызы бар, тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының археологиялық нысаны.
Ерте ортағасыр кезеңі. Қарахан дәуіріндегі (ХІ-ХІІ ғғ.) тұрғын үй кешені 2017 жылғы қазба жұмыстары кезінде табылған. Тұрғын үй үш бөлме, екі дәлізден тұрады. Тұрғын үй дуалдары қам кірпіштен және пахсадан тұрғызылған. Бұл ғасырларда үйлердің ауласында көп жағдайда күйдірілген кірпіштер төселген. Өйткені әрбір үйдің ауласында ташнау-кәріз жүйесі болған. Ташнауға қалдық суларды төгіп отырған. Біріншісі ошағы мен сыпасы бар ас үй бөлмесі, едені күйдірілген қызыл кірпішпен төселген. Қарахан дәуіріндегі күйген кірпіштің көлемі 24х24 см., қалыңдығы 3-4 см болған.
Ұста баспанасы: Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде батыс шахристан аумағынан ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда қазақ хандығы дәуіріне жататын ұстахананың орны анықталды. Аршылған құрылыс нысаны орнынан ұстахана және ұста баспанасы бой көтерді.
Ұстахана: Осы ұстаханаға жапсарлас салынған баспана қарапайым құрылыс материалынан - Қошқарата өзені жағасынан алынған саз балшық, яғни шымнан тұрғызылған. Жазда салқын, қыста жылы болып келеді. Қонақ бөлме, жатын және ұстаның демалатын бөлмелерінен тұрады. Демалатын бөлмеде сыпа салынған, суық кездері астына от жағылып, жылынған еден үстінде отыруға немесе жатуға ыңғайлы болды.
«Шымкент тұрғындарының салт дәстүрлері» залы: Экспозиция залында қазақ халқының ертеден келе жатқан тұрмыс мәдениетінен, салт дәстүрінен, отырықшы халықтың баспанасынан, ондағы жабдықталған тұрмыс бұйымдарынан көрініс береді. Бөлмелері киіз үйдің ішкі жабдықталу заңдылығын негізге алған. Ондағы халқымыздың тұрмыс – тіршілігінде маңызды орын алған – қолөнері.
Қазақтың ұлттық қолөнерінде ағаштан көптеген тұрмыс бұйымдары жасалған. Ағаш ұстасы дөңгелек үстел, сандықтың түрлерін, кебеже, ас ыдыстары – күбі, тегене, ожау, т.б. әр түрлі сападағы ағаштардан жонып, ойып жасаған.Сонымен қатар б.з.б. І-ші ғасыр мен ХІХ ғасыр аралығына жататын керамикалық бұйымдар: қыш құмыралар, тостаған, саптыаяқтар, көзелер, қақпақтар орналастырылған. Қыштан жасалған торсықтар мен түйе, жылқының екі жағына артып, ернеуін арқанмен байлап, сусындар тасыған.
«Оңтүстік Цитадель» залы: Қоқан хандығы мен Ресей империясының көне қалаға жасаған саяси ықпалы туралы ақпарат беретін экспозициялық зал. Сонымен қатар, ХІХ ғ мерзімделетін қару-жарақтар, құтқару құралдары, басқа да кеңсе заттары орын алған.
Жер асты» экспозиция залы: Бүгінде мұнараның тарихи маңызы ашылып, өзіндік сәулеттік құрылысымен «жерасты бекінісі» экспозициясы жасақталған. Мұнда қару-жарақтар мен зеңбірек орын алған. Сонымен қатар, XV-XVI ғасырлардағы керамикалық ыдыстар, яғни леген бөлшектері, май шам, сиясауыттарды көруге болады. Бұл ыдыстар саз балшықтан жасалып, көк, қоңыр, жасыл түспен боялған. Сфероконус 12 ғасырларда алхимиктердің зертханаларында сұйықтық, иіс сулар, дәрі - дәрмектер дайындауға және тасымалдауға пайдаланылған. Ал сиясауыттар өз кезеңінде жазуға арналған сұйықтық, яғни сия құюға арналған ыдыс. Қыштан және теріден жасалған құмыралар - үй тұрмысында азық, дәнді дақылдар сақтауға, сұйықтықтар құюға арналған. Өз кезеңінде, жер асты бекінісінің бұрышындағы Испиджабқа (Сайрамға) апарар жер асты жолын пайдаланған.
Келу ережелері:
Экспонаттарды қолмен ұстауға-ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Музей залдарына сусын мен тамақпен кіруге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
14 жасқа дейінгі балалар ересек адаммен бірге музейге келуі керек.
Кіру билеттерінің бағасына кіреді: жас санаттары, музейге іріктеп немесе кешенді бару (тарифтерді қараңыз).
7 жасқа дейінгі балаларға музейге кіру - ТЕГІН.
7 жастан 18 жасқа дейін - балалар тарифі.
18 жастан 22 жасқа дейін – студенттік тариф (студенттік билетті көрсеткен кезде).
ТЕГІН:
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар І, ІІ топ
Ұлы Отан соғысының ардагерлері.
Жетім балалар, аз қамтылған отбасы балалары, көп балалы аналар, Ауған соғысына қатысушылар, әскерге шақырылғандар.
Мүмкіндігі шектеулі III топтағы азаматтарға - 50% жеңілдік.
Рассказать друзьям
Рекомендуем также:

