Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Шынарым менің, шырайлым менің» Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының гастрольдік сапары

Купить билеты

Шығармада Қырғыз жерінде орын алған оқиға суреттеледі. Көрініс жол жиегінде ауылдың қарапайым қызы Әсел мен көлік жүргізушісі Ілиястың кездейсоқ танысуынан бастау алады. Екі ғашық түрлі қарсылықтарға қарамастан қосылып, кішкентай сәби дүниеге келеді. «Қолда бар алтынның қадірі жоқ» демекші, жұмысында болып жатқан қиындықтарға алаңдап, уайым-қайғыдан абайсызда от басқан басты кейіпкер Ілияс үшін ынтыға сүйіп қосылып, туғандары мен атастырылған болашақ жарынан бас тартқан, артынан қалатын тұқымы – атұстарын сыйлаған сұлу жары, «қызыл орамалды шынары» мәңгілік орындалмас арманына айналады. Қойылым басқа қонған бақты уақытында бағалап, қадірлеу туралы ой салады.

Актерлар: 

Ілияс - Еділ Мекешов, Еркебұлан Какимов

Әсел - Айым Бегмат, Мақпал Елтайқызы

Қадиша - Гульвира Абикенқызы, Арай Маралбекова

Жантай - Мирас Разханов

Әлібек - Шалқар Арыстанбеков, Арыстанбек Мұқият

Байтемір - Қайрат Мукушев, Ертай Хасенов ҚР «Мәдениет саласының үздігі»

Аманжолов – Тұрсынбек Дүзбаев ҚР «Мәдениет саласының үздігі»

Оқырман – Малика Сайранбек

Есейген Ілияс – Қамит Қалық

Апа – Майра Арғынбекова ҚР «Мәдениет қайраткері»

Ормат ака – Қанатбек Ниязбеков ҚР «Мәдениет саласының үздігі»

Самат – Бекжан Оралхан

Қыз – Әмина Қайыртай

Көпшілік сахнада – труппа әртістері