Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

Соңғы аялдама. Премьера!

Купить билеты
Купить билеты

Драмаға әлеуметке ортақ проблема, қоғамның дерті – нашақорлық тақырыбы арқау болған. Иә, тағдыр тәлкегіне түсу әп-сәтте екен. Ғасырымыздың бүгінгі дерті – нашақорлық, адамзат тарихындағы қасіреттерді көбейтуші, зұлымдықтарды тудырушы апиын екенін білсе де, оң-солын тани алмаған жас өскін неге адасты? Дұрысы, оны адастырған кім? Өмірін тас-талқан еткен жауыздардың жазасын кім береді? Кінәліні кім табады?

Өмірдің өзекті мәселелеріне жауап іздейтін шығарманың өскелең жас ұрпақ санасына ой салуда, оларды шырмауықтай шырмап алар ғасыр індетінен арашалап қалуда һәм адасудан сақтауда айтары мол.

Кейіпкерлер:

ЖАҚСЫЛЫҚ (жалғыз ұл) –Нұртай Рахманқұл

Армат Уразов

Алихан Жасанұлы

ӘКЕСІ – Бекжан Керімбаев

Сүндет Сәрсен, Мәдениет саласының үздігі

 

ШЕШЕСІ – Диана Смагулова

ТОҒЖАН (сүйген қызы) – Зарина Тулемисова

Айгерім Түсіпбекова

КӨРШІ (көкнәрші) – Әбутәліп Әмре

Әлихан Нүрмахан

ЖАННА (саудагер, алаяқ) – Перизат Жардемова

Ақбөбек Назенғалиева

ПОЛИЦИЯ (полиция майоры) – Ернар Жұматаев, «Құрмет» орденінің иегері

БЕКЗАТ (наша таратушы) – Заңғар Әбдірәсіл

Марлен Бахытжанұлы

Елмар Рахымжан

АКОСЯ (нашақор қыз) – Диана Болатбекқызы

Арайлым Тұрлан

Көпшілік сахнада театр актерлары: нашақор жастар, соқырлар, бала, т.б.