«Сөз бен саздың тоғысуы»
Театрдың тәжірибелі хормейстері Дидар Игіліковтің бұл шығармашылық кеші – поэзия, көркем сөз, әуенді шынайы тоғыстыра алатын ерекше қабілетін көрсетеді. Бұл өнерге адалдықты серік етіп, театр сахнасында көптеген қойылымдардың музыкалық үнін үйлестіріп, хор өнерінің дамуына өзіндік үлкен үлес қосып келе жатқан шебер маманның әсерлі кеші. Көрермен қауым рухани тылсым әлемге еніп, сөз бен саздың керемет үйлесіміне куә болады. Жүректі әсем әнмен, жырмен тербейтін әсерлі кеш көрерменге әсем поэзия, әуезді музыкалық туынды, жылулыққа толы шығармашылық атмосфера, шабыт пен көңіл серпілісін, рухани қуат сыйлары сөзсіз!
Поэтикалық кешті ұйымдастырушы - театрдың көркемдік жетекшісі, актриса Сағымбекова Анар Бақытқызы (ҚР Мәдениет салсының үздігі)
Поэтикалық кеш иесі - театрдың хормейстері, театр репертуарындағы спектакльдерді музыкамен үйлестіруші - Дидар Игіліков
