Тіл табысқандар (ГАКМДТ)
Оқиға – Астана қаласында тұратын зиялы отбасының тағдырын суреттейді. Астана төріндегі жоғары оқу орнының бірінде профессорлық қызмет атқаратын Мұхамбет пен жары Сүйімханның Дездемона атты қыздары болады. Бар мәселе – Дездемонаның қазақша бір сөз білмеуінде. Күндердің күнінде Мұхамбет пен Сүйімхан шетелге демалуға бармақшы болып, Дездемонаны кіммен қалдырарын білмей, бастары қатады. Бақытқа орай, сол кезде ауылдан көптен күткен Болдуқан әпкелері келіп қалады. Дегенмен мәселе шешіле қоймайды, себебі Дездемона – қазақша, ал әпкесі орысша білмейді. Осы сәтте ата-аналары екеуіне тілмәш жалдауға бел буады. Тығырықтан шығудың жолы осы...
«Тіл табысқандар» қойылымы тек қана тіл мәселесін ғана емес, қазақ жұртының алтын бесік – ауыл өмірінен алшақтап жатқанын көксегенін айтады.
Рассказать друзьям
Рекомендуем также:
