Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

Тендерге түскен келіншек

Купить билеты

Бір ғана жағдай кейде күллі дүниенің күл-талқанын шығаруы әбден мүмкін. Айталық, көлік апаты. Сүттей ұйыған отбасы ұл өсіріп, үйлендіріп, немере сүйіп отырған шағында тағдырдың тәлкегіне ұшырарын білді дейсіз бе?

Бір-ақ сәтте... көлігімен зулап келе жатып сол жалғыз ұл кісі қағып кетті. Сынақ: не ата-ана бір тәулікте 100 мың доллар пара беруі керек, не жалғыз ұл темір тордың ар жағынан бір-ақ шығады.

Бір айлыққа қарап отырған қарапайым жандар ондай ақшаны қайдан таппақ? «Тендерге түскен келіншек» деп аталатын шығарманың аты қалай еліктірерлік болса, заты да сондай, яғни қызықты да қиын шытырман оқиғаға толы.