Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

The Magic of Christmas

Купить билеты

25 желтоқсан күні сағат 19:00-де Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында көпшілікке ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлайтын «The Magic of Christmas» атты жаңажылдық мерекелік концерт өтеді.

Бұл кеш - классикалық музыка мен мерекелік әуендердің үйлесімін әсем тоғыстыратын, көрерменге жылулық пен шаттық сыйлайтын әсерлі мәдени шара болмақ.

Кеш барысында Симфониялық оркестр өнер көрсетеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі - Қазақстанның халық әртісі Абзал Мұхитдин, ал концерт тізгінін «Құрмет» орденінің иегері, дирижер Арман Жайым басқарады.

Сонымен қатар, мерекелік бағдарламаға Классикалық вокал бөлімінің солистері қатысады. Бөлімнің көркемдік жетекшісі - Мәдениет саласының үздігі Роза Шоткалиева. Солистердің сырлы дауысы мен классикалық туындыларды меңгерген шеберлігі көрермен қауымды ерекше әсерге бөлеп, кештің сәнін одан әрі арттыра түспек.

«The Magic of Christmas» - Жаңа жыл қарсаңында жақындарыңызбен бірге тамашалауға лайық, рухани байытатын музыкалық сый. Концерт тыңдарманды сиқырлы әуендердің әлеміне жетелеп, мерекенің ерекше атмосферасына бөлеуге шақырады.

Жыл соңын жарқын нотамен қарсы алғысы келетін көрермендерді филармония залы қуана қарсы алады!