Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

Түн

Купить билеты

«Түн» спектаклі

«DEM» жеке театры рухты қаламгер Оралхан Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» әңгімесінің желісімен дайындалған «Түн» спектаклін көрермен назарына ұсынады. Экспериментальдық жанрындағы бір сағаттық камералық форматтағы қойылым. 

Оқиға сонау 20 ғасырдың жетпісінші жылдарында орын алады. Автордың əңгімеде оқырманға қалдырған сұрақтарына көпшілік əлі де жауап іздеуде. Спектакльдің кейіпкерлері де осы ізденістің үстінде жүреді. Бұл спектакльде басты кейіпкер жоқ. Басты кейіпкер – 70 жылдардағы қоғам.

70-80 жылдардағы жүйе, қорғансыз Арайдың, жадағай тіршілік кешкен қазақ ауылы мен тұрғындардың тағдыры суреттеледі.  Бір сағаттық қойылымда көрермен   үмітке ұмтылған қорғансыз  адам жанының қатегіздікпен айқасын сезінеді.

Театрға «Рысбаева и Ко» компаниясының және «А-STATUS» жекеменшік білім кешенінің құрылтайшысы, белгілі кәсіпкер, Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы Сәуле Мақшанқызы Рысбаева демеушілік жасады.