97 человек за последний час интересовались этим событием.
Тыраулап ұшқан тырналар
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Ұлы Отан соғысы... Содан бері қанша жыл өтсе де, ата-бабаларымыздың жасаған ерліктері мен кейінгі ұрпаққа сыйлаған жеңісі кімнің де болсын жадында. Режиссер Талғат Теменов сахналаған «Тыраулап ұшқан тырналар» атты лирикалық драма жеңістен кейінгі совет солдаттарының өмірінен сыр шертеді.
Қойылым бас кейіпкер Пернебек Боранбаев пен неміс қызы Инганың арасындағы кездейсоқтықтан туындаған махаббат тақырыбын көтереді. Осы аралықта адамзатқа ортақ қасиет – махаббат пен жауыздық, адамгершілік пен сыйластық, өшпенділік пен сүйіспеншілік, сағыныш пен мейірімділіктің ұшқынын спектакль барысынан көресіздер.
Рассказать друзьям
Не хватает информации? Напишите нам, мы добавим!
Рекомендуем также:

Формула 1 (2025)

Ақшақар (2025)