Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Үміт үзгім келмейді» М. Әуезов театры гастрольдік сапармен Түркістан қаласында

Купить билеты

Драма оқиғасы аурухана палатасында өтеді. Драманың бас кейіпкері бүгінде жасы жетпісті алқымдаған Мейірбек бақыт туралы, өмірдің мәні туралы ойға шомады. «Бақытты болу – бір бөлек, ал бақытты екеніңді сезіне білу – екінші бөлек нәрсе, яғни екеуі екі түрлі құбылыс» депті бір данышпан. Әттең кейбір пенделер бақытқа кенеліп жүрсе де өздерін бақытсыз санайды.

Драма кейіпкерлерінің өзара пікірталастары мен ой таратуларынан өзіндік дүниетанымдары, өмір ұстанымдары айқын танылады. Дәулет – жан дәулетімен, Асылхан – туған топырақтан ажырамаған хандығымен, Мейірбек – құдайдың өзі өлшеп берген азды-көпті өміріне ырзашылығы, қанағатымен дараланады. Достардың арасында өмірлік жолын, бәлкім, дұрыс таңдамаған Советбектің өкініші көп...

Актерлік құрамда:

МЕЙІРБЕК – Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Жандарбек Садырбаев @svzhandarbek

СОВЕТБЕК – Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Айдос Бектемір @aidos.bektemir

ДӘУЛЕТ – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жалғас Толғанбай @zhalgas.tolganbay

АСЫЛХАН – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азат Сейтметов

ҚАРЛЫҒАШ – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Шынар Асқарова @shynaraskar

ҚЫЗ – Гүлнұр Досанова @gulnur.dossanova

ЖАС ЖІГІТ – Мейрамбек Тағанов @meirambek_taganov