Замана неткен тар едің...
Абай үні, - қазіргі заман тынысы, халық үні. Ұлы Абайдың – патша үкіметінің қазақ елін отаршылдық пен басқа дінді қолдаушылар қатарына кіргізбекші болған, басқа ұлт өкілдерінің алдын алып, қазіргі заманға сай бірлігі бекем, Тәуелсіз ел боларын бағамдаған, кешегі хандар мен батырлардың аруағы алдында, салып кеткен сара жолдарының дұрыс бағытта екенін, бұл өмірге бір кірпіш болып қаланған, Ұлы Абайдың асқақ арманы – кешегі «тар заманнан», бүгінде жаңғырып, жаңа өріс алып, Абай армандап кеткен асқақ арманның орындалғаны хақ. Абайдың мұң-зарын, еліне арнап жазып кеткен әндері мен өлеңдерімен бірге толқып, зар-заманға бірге барып қайталық. «Қорлықпен өткен қу өмірдің тұрлаусыз жіптей шырғалаңдарын» - бірге шешейік, қадірлі көрермендер.
Актерлар:
Абай – Қанатбек Ниязбеков ҚР «Мәдениет саласының үздігі»
Әйгерім – Майра Арғынбекова ҚР «Мәдениет қайраткері»
Әбіш – Шалқар Арыстанбеков
Мағауия – Қамит Қалық
Мағрипа – Мақпал Елтайқызы
Тәкежан – Арыстанбек Мұқият
Әзімбай – Дархан Садыбаев
Ізғұтты – Тұрсынбек Дүзбаев ҚР «Мәдениет саласының үздігі»
Әбілғазы – Еділ Мекешов
Жандарал – Ертай Хасенов ҚР «Мәдениет саласының үздігі»
Оразбай – Ербол Асемханов
Жиренше – Елдос Мәсәлім
Көпшілік сахнада – театр әртістері
