«Қос тамыр – бір жүрек». Zhaina мен Nazira жеке концерті
«Қос тамыр - бір жүрек» концерті
Zhaina & Nazira
Бұл концерт - Маңғыстау мен Керекудің қос қызының жүрек лүпілімен өрілген өнер кеші. Қазақ даласының қос тамыры – Батыс пен Солтүстіктің сазды үндері осы кеште бір жүрекпен соғады. Жайна мен Назира – өз өңірлерінің болмысын бойына сіңірген, ұлттық өнерге адал қос өнерпаз – домбыра мен ән арқылы көрерменге рухани сапар ұсынады.
Кеш барысында терең күйлер, сырлы термелер, халық әндері мен заманауи этно-стильде орындалатын шығармалар шырқалады. Бұл – тек музыкалық кеш емес, бұл – қазақтың жан дүниесімен, тарихымен, табиғатымен үндескен сахналық жол.
Кеш қонақтары: Ерасыл Адильбеков, Адильжан Нуркаев, Анель Даутова, Дина Нурпейсова және «Astar» ethno-fusion ансамблі.
Олар да бұл кештің көркем өрнегін толықтыра түсіп, өнер мен өңірлер арасындағы байланысты одан әрі тереңдетеді.
«Қос тамыр – бір жүрек» – бұл тамырлас тарих пен болашаққа деген сенімнің үндестігі. Өнердің шекарасы жоқ екенін дәлелдейтін, жанды баурайтын кештің куәсі болыңыз!
Рассказать друзьям
Рекомендуем также:

