Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

Жылы Мұң. Премьера!

Купить билеты
Купить билеты

«Жылы мұң» спектакліне қысқаша сипаттама:

Биылғы жылы президентіміздің Қазақстан халқына үндеуінде үш жыл ішінде толыққанды цифрлық елге айналдырудың маңыздылығы бойынша стратегиялық міндет қойды. Оның ішінде салаларды жаңғырту үшін жасанды интеллектті толық енгізуді қамтамасыз ету міндеті басты назарға алынды. Осы орайда тұңғыш рет біздің Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры кезекті премьересын жасанды интеллект арқылы жүзеге асырмақ.

Театрымызда жасанды интеллект арқылы қойылатын қойылымның басты тақырыбы, қоғамдағы ең үлкен мәселелердің бірі болып отырған- нашақорлық. Тек қоғам болып бірігіп, есірткіге қарсы күреске атсалыссақ, бұл мәселенің шешімін табуға мүмкіндік болары анық.

«Жылы мұң» – бұл 2000 жылдардағы ностальгиялық атмосферада ана мен баланың арасындағы қайғылы оқиға арқылы нашақорлықтың салдарын бейнелейтін әсерлі спектакль. Спектакльдің басты кейіпкерлері — ана мен бала, балалық шақтың тәтті сәттері мен өмірдің қатал шындығына тап болған сәттердің қиылысы. Бала, өз заманының бұзақы достарының ықпалымен, зиянды әдеттерге әуес бола бастайды, бұл жолы оның өмірін нашақорлықтың шынайы әлемі жалмап алады.