Әппақ - дочь кыпчакская (AstanaOpera)
ПРЕМЬЕРА
Серікжан ӘБДІНҰРОВ, Әліби ӘБДІНҰРОВ
«ҚЫПШАҚ ҚЫЗЫ АППАҚ»
2 бөлімді опера
Либретто авторы – Тілеуғазы БЕЙСЕМБЕК
Қазақ тілінде орындалады
(орыс және ағылшын тілдеріндегі синхронды аудармамен)
Ұзақтығы – 2 сағат 40 минут (екі үзіліспен)
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
«Қыпшақ қызы Аппақ» – заманауи қазақстандық композиторлармен жазылған және «Астана Опера» сахнасында қойылған ұлттық опера.
Либретто негізінде орта ғасырдағы Шығыстың кемеңгер ақындарының бірі, парсы поэзиясының классигі Низами Гәнжауи (шамамен 1141 – шамамен 1203) мен бойжеткен қыпшақ аруы Аппақтың махаббат тарихы жатыр. «Ажары ашық, ақылына көркі сай» қызды оған Дербент әміршісі сыйға тартқан. Тұтқын қызды азат еткен Низами оған үйленеді, сөйтіп Аппақ оның махаббаты мен музасына айналады. Ол ақынды келбеті көздің жауын алатын әйел бейнелерін жасауға шабыттандырған.
Операда басты кейіпкерлерге жауыздық, күншілдік, опасыздық, жала мен арамдыққа қарсы тұруға тура келеді, бұл қақтығысты шиеленістіріп, оқиғаны ширықтыра түседі. Аппақтың даналығы, отаны – қыпшақ даласына деген сүйіспеншілігі екі көрші халықтың алауыздығын тоқтатуға мүмкіндік береді. Ол Низами Гәнжауидің шығармашылығы мен тағдырында ғана емес, сондай-ақ өз елінің тарихында да маңызды рөл атқарды.
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ
Қоюшы дирижер – Абзал Мұхитдин, Қазақстанның халық әртісі
Қоюшы режиссер – Михаил Панджавидзе, Татарстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Костюмдер мен декорациялар бойынша суретшілер – Павел Драгунов
Софья Тасмағамбетова
Жарық бойынша суретші – Сергей Шевченко
Бейне бойынша суретші – Павел Суворов
Қоюшы хореограф – Бостан Қожабеков
Қоюшы дирижердің ассистенті – Руслан Баймурзин
Қоюшы режиссердің ассистенті – Еренбақ Тойкенов
Сценография бойынша суретшінің ассистенті – Ербол Бисенов
Костюмдер бойынша суретшілердің ассистенті – Дариға Тайшықова
Жарық бойынша суретшінің ассистенті – Карим Рамаш
Бейне бойынша суретшінің ассистенті – Азамат Құттығожин
Жобаның техникалық жетекшісі – Виктор Караре
Опера труппасының директоры – Талғат Мұсабаев,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

.jpg?w=220&h=300)