Ақын-сазгер Ерқожа Тілепбердиевтің «Рух қанатында» шығармашылық кеші (CentralConcertHall)
Ақын-сазгер Ерқожа Тілепбердиевтің
«Рух қанатында» шығармашылық кеші
Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт 2025 жылғы 31 тамыз күні сағат 19:00-де ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын-сазгер, Мәдениет саласының үздігі, республикалық, халықаралық патриоттық әндер конкурстарының лауреаты Ерқожа Тілепбердиевтің «РУХ ҚАНАТЫНДА!» атты шығармашылық кешіне шақырады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған бұл ерекше кеш — жүректен шыққан жыр мен елдік рухтың көркем көрінісі.
Ата Заңымыздың қадір-қасиетін ұлықтау, автордың патриоттық әндері арқылы жастарды елге қызмет етуге баулу, рухани құндылықтар мен әскери борыштың маңызын түсіндіруге бағытталған кеште:
- Алғаш рет Қазақконцерт пен Күштік құрылым өнерпаздары бір сахнада бас қосады;
- Кеш барысында әскери оркестрлер, хорлар, этно-фольклорлық және эстрадалық ансамбльдер, театр әртістері өнер көрсетеді;
- Көпшілікке беймәлім, сирек орындалатын әскери-патриоттық әндер мен поэтикалық көріністер ұсынылады.
Кеште Қазақконцерт әртістері мен шығармашылық ұжымдары, ҚР Ұлттық Ұланының Ән-би ансамблінің солистері, «Ерлер» хоры және әскери оркестрі, Президенттік Күзет қызметі оркестрі, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының ансамблі, ҚР ҰҚК Шекарашылар қызметі ән-би ансамблінің өнерпаздары өнер көрсетеді.
Кешке өнер жұлдыздары және шет ел әншілері қатысады.
Ел рухын асқақтатар, тыңдарманның жүрегін тербейтін шынайы өнер кешін тамашалауға асығыңыздар!