тәулік бойы қолдау қызметі:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

«ПЕТЯ МЕН ҚАСҚЫР»

Билет сатып алу

 

С. Прокофьевтің симфониялық ертегісі

«ПЕТЯ МЕН ҚАСҚЫР»

(орыс тілінде)

Ұзақтығы – 50 минут

Жас шектеуі 5+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

C.Прокофьевтің «Петя мен Қасқыр» симфониялық ертегісі – мектепке дейінгі ересек балалар мен 1-ден 5-ші сыныпқа дейінгі мектеп оқушыларына арналған музыка әлеміне жасалатын ерекше әрі танымдық саяхат. Концерт барысында балалар қызықты ойын түрінде симфониялық оркестрдің аспаптарымен танысады.

Симфониялық ертегі – бұл симфониялық оркестрге арналып жазылған музыкалық ертегі: әрбір кейіпкердің белгілі бір музыкалық аспапта орындалатын музыкалық әуені бар. C.Прокофьевтің «Петя мен Қасқыр» симфониялық ертегісі – симфониялық оркестрмен таныстыратын «жол көрсеткіш» сияқты.

ОРЫНДАЙТЫНДАР:

«Астана Опера» симфониялық оркестрі.

Дирижер – Айдар ӘБЖАХАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Кіріспе сөз және мәтін оқушы, музыкатанушы – Сәуле МӘУЛЕТОВА

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.