«ПЕТЯ МЕН ҚАСҚЫР»
«Гаджетсіз уақыт» балаларға арналған концерттер топтамасы
С. Прокофьевтің симфониялық ертегісі
«ПЕТЯ МЕН ҚАСҚЫР»
Үшінші концерт
(орыс тілінде)
Ұзақтығы – 50 минут
Жас шектеуі 5+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
C.Прокофьевтің «Петя мен Қасқыр» симфониялық ертегісі – мектепке дейінгі ересек балалар мен 1-ден 5-ші сыныпқа дейінгі мектеп оқушыларына арналған музыка әлеміне жасалатын ерекше әрі танымдық саяхат. Концерт барысында балалар қызықты ойын түрінде симфониялық оркестрдің аспаптарымен танысады.
Симфониялық ертегі – бұл симфониялық оркестрге арналып жазылған музыкалық ертегі: әрбір кейіпкердің белгілі бір музыкалық аспапта орындалатын музыкалық әуені бар. C.Прокофьевтің «Петя мен Қасқыр» симфониялық ертегісі – симфониялық оркестрмен таныстыратын «жол көрсеткіш» сияқты.
ОРЫНДАЙТЫНДАР:
«Астана Опера» симфониялық оркестрі.
Дирижер – Айдар ӘБЖАХАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Мәтін оқушы – Сергей МАТВЕЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қырғызстанның Халық әртісі
Кіріспе сөз, музыкатанушы – Сәуле МӘУЛЕТОВА
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

.png?w=220&h=300)