БАЛЕТ КЕШІ
«ОПЕРАЛИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ
БАЛЕТ КЕШІ
Екі бөлімді
Кештің бірінші бөлімінде «Астана Опера» театры балет әртістері классикалық, заманауи әрі ұлттық хореографиядан тұратын жарқын бағдарлама ұсынады, ал екінші бөлімде – Раймондо Ребектің How Long Is Now («Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?») бір актілі балеті.
Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут (бір үзіліспен)
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
ГАЛА-БАЛЕТ
How Long Is Now?
Р.Ребектің бір актілі балеті
ГАЛА-БАЛЕТ БАҒДАРЛАМАСЫ:
Бірінші бөлім
«Той бастар». HasSak этно-фольклорлық тобының аттас композициясы. Сұлтанбек Ғұмардың хореографиясы.
Балет әртістері
П.Чайковский. «Щелкунчик» балетінен па-де-де. Ю.Григоровичтің хореографиясы
Камила ШАХМАНОВА
Диас ҚҰРМАНҒАЗЫ
«Кемел адам». HasSak этно-фольклорлық ансамблінің музыкасы. С. Ғұмардың хореографиясы
Мәдина ӨНЕРБАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Жақсылық САУҚЫМБЕКОВ
В.Желобинскийдің музыкасына сыған биі. К.Голейзовскийдің хореографиясы
Ғазиза МОЛДАХМЕТ
«Мәңгүрт» (Mankurt). TURAN этно-фольклорлық ансамблінің өңдеуінде А.Райымқұлованың музыкасы.
Сұлтанбек Ғұмардың хореографиясы
Лимара АЙДАРОВА, Серік НАҚЫСПЕКОВ (дебют)
Р.Дриго. «Талисман» балетінен па-де-де. М.Петипаның хореографиясы
Камила ШАХМАНОВА
Диас ҚҰРМАНҒАЗЫ
Екінші бөлім
How Long Is Now?
Р.Ребектің бір актілі балеті
How Long Is Now?
(«Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?»)
Бір актілі балет
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:
Қоюшы хореограф – Раймондо Ребек
Дирижер – Ерболат Ахмедьяров
Сценография (Р.Ребектің эскиздері бойынша) – Виктор Караре
Жарық бойынша суретші – Карло Черри
Костюмдер бойынша суретші (Р.Ребектің эскиздері бойынша) – Арасель Досмұратова
Спектакльді жүргізуші режиссер көмекшілері – Эльмира Сұлтанғазина, Алтынғаным
Ахметова, Айнұр Халелова
«Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай Асылмұратова,
Ресейдің Халық әртісі
Неміс хореографы Р.Ребектің «Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?» балеті – бұл уақыт пен оның жекелеген сәттері туралы пәлсапалық ой-толғау.
Өмірдің сан алуан кездерінде Қазіргі сәт қанша уақытқа созылуы мүмкін? Ғашық жанға сүю сәті тоқтаусыз болып көрінер, ал махаббат азабы мәңгілік жадында сақталып немесе із-түзсіз өшуі мүмкін... Өмірдің азабын тартқан адамдар мен рахатын көргендер үшін уақыттың ағымы әрқалай сезіледі.
Бүгін – бұл ертеңгі күн үшін өткен шақ, себебі қазір ғана орын алған жайт әп-сәтте кешегіге айналады. «Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?» деген сауалға Льюис Кэрролдың «Ғажайыптар еліндегі Алиса» ертегісіндегі басты кейіпкердің ұқсас сұрағына берілген Қоянның жауабы дәл келеді: «Қазіргі сәт, мәңгіліктей, кейде көзді ашып-жұмғанша өтеді де кетеді».
Р.Ребектің балетінде бишілердің үш жұбы адам өмірінің әр кезеңін бейнелейді. Дарынды хореограф уақыт ағымы мен оны сезіне білу мәселелерін хореографиялық әдістер арқылы зерттеуге бірегей талпыныс жасайды.
Қойылымда М.Рихтер, Г.Эскот, Э.Боссо, О.Арнальдс және «1+1» фильміне арналған саундтрек авторы ретінде айрықша танымалдылыққа ие болған Л.Эйнаудидің, сондай-ақ «Les Tambours du Bronx» («Бронкс барабандары») тобының музыкасы пайдаланылған.
БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:
УАҚЫТ – Серік НАҚЫСПЕКОВ
БОЗБАЛАЛЫҚ ШАҚ (тұтастық пен өзін-өзі түсіну) – Назира ЗАЕТОВА
Айбар ТОҚТАР
ЖАСТЫҚ ШАҚ (махаббат пен адалдық) – Мәдина ӨНЕРБАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Арман УРАЗОВ
КЕМЕЛДЕНГЕН ШАҚ (даналық) – Мөлдір ШӘКІМОВА
Жақсылық САУҚЫМБЕКОВ
«Астана опера» балет әртістері, симфониялық оркестрі. Дирижер – Ерболат Ахмедьяров
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

