тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

БАЛЕТ КЕШІ

Билет сатып алу
Билет сатып алу

 

БАЛЕТ КЕШІ

*****

«КІШКЕНТАЙ ӨЛІМ»

В.А. Моцарттың музыкасына бір бөлімді балет

Әлемдік премьерасы 1991 жылғы 23 тамыз, Зальцбург фестивалі,

NDT труппасы (Нидерланды би театры)

«Астана Опера» театрындағы премьерасы –

2023 жылғы 13-14 мамыр

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ

Қойылым концепциясы, хореография, сценография – Иржи Килиан

Хореографтың ассистенті – Стефан Жеромски

Қоюшы дирижер – Элмар Бөрібаев

Костюмдер дизайны – Йоуке Виссер

Жарық дизайны – Иржи Килиан

Жарық дизайнын іске асыру – Юп Каборт

Жарық бойынша суретші және қойылым бөлігінің меңгерушісі – Юст Бигелар

Жобаның техникалық жетекшісі – Виктор Караре

Фортепиано партиясы – Долорес Умбеталиева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Спектакльді жүргізуші режиссер – Эльмира Сұлтанғазина

Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық әртісі

«Кішкентай өлім» балеті 1991 жылы В.А.Моцарттың қайтыс болғанына 200 жыл толуына орай Зальцбург фестиваліндегі көрсетілім үшін В.А.Моцарттың музыкасына (екі фортепианолық концерттің баяу бөліктеріне) құрылған. 

«Кішкентай өлім» атауының мәні терең әрі ауыспалы мағынаға ие (метафоралық). «Кішкентай өлім» деп француздар тәндік ләззаттың шарықтау шегін атайды, алайда Килианды бейкүнә жанасудан бастап, денелердің құмарлықпен шырмалуына дейінгі махаббат қатынастарының көптүрлілігі әсерлендіреді.

Көпішілікке арналған медитациялық композициялардан туындаған алты адажио – керемет музыкалық негіз бен нәзік пластиканың  таңғажайып қосылысынан туған жауһар. Денелер серіктестердің жанасуына және музыканың тынысына мойынсұнады, махаббат дуэльдері сызық желілерінің күрделі графикасымен сызылған.

Мұнда махаббат пен ажал қол ұстасып өтеді. Балетті алты әйел мен алты ер адам орындайды. Биші ерлердің қолдарында біресе өткір рапиралар, біресе жалаңаш әйел денелері. «Кіші өлімдегі» дуэттер сезімталдыққа толы, алайда Иржи Килиан бұл ретте тәндік махаббат тақырыбына басымдық бермейді: керісінше, оның хореографиясының таңғажайып жарасымдылығы дуэттердің көзге анық көрініп тұрған тартымдылығының заттылығын, ал эротизмнің өзінің бірмәнділігін жоғалтуына әкеледі. Килианның осы балетін сыншылардың «үздік үлгідегі махаббат лирикасы» деп атауы кездейсоқтық емес.

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.