тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Алибек Альмадиев - үлкен жеке концерт

Билет сатып алу

Қазақконцерт солисі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ерекше дауыс иесі Алибек Альмадиев музыка өнерінің сан дәуірі мен жанрларын тоғыстырған жеке концертіне шақырады.

Алибек Альмадиевтің оркестр сүйемелдеуімен өтетін үлкен жеке концерті – бұл әлемдік классикалық кроссовер, джаз, поп сынды бағыттар мен дәстүрлі эстраданы және қазақ музыкасының өзіндік үнін үйлестірген бірегей музыкалық оқиға.

Концерттің ерекшеліктері:

  • Алибек Альмадиев әрбір шығарманы жүрекке жеткізе білетін нағыз сахна майталмандарына тән мінсіз орындаушылық шеберлігімен ерекшеленеді;
  • Бағдарламада әлемдік және қазақ эстрада жауһарлары: Абай Құнанбайұлы мен Нұрғиса Тілендиевтің мәңгі туындыларынан бастап, Фрэнк Синатра, Шарль Азнавур сынды аңыздардың шығармаларына дейін ұсынылады. Концерт аясында қазақ, орыс, ағылшын, француз, итальян және испан тілдеріндегі әндер шырқалып, көрермен нағыз музыкалық үйлесімнің куәгеріне айналмақ;
  • Илья Башкатовтың ерекше аранжировкалары әйгілі әуендерге жаңа реңк беріп, Астана қаласы әкімдігінің «Жастар сарайы» МКҚК «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің жанды орындауы;
  • Концерттік бағдарламаның кіріспесі ұлы Абайдың 180 жылдығына, оның поэтикалық һәм музыкалық мұрасына арналады.

Бұл кеш - өнердің ғажайып құдіретіне куә болар айрықша сәт! Қапы қалмаңыз!