AMIRCHIK Астана қаласында
Амирчик - Бишкек қаласының тумасы, 17 жасында TikTok желісін бағындырып, «Улетаю прочь» синглімен Ресей мен ТМД елдерінің музыкалық чарттарын ғана емес, бүкіл әлем бойынша музыкалық алқаптарда топ жарды. Оның бұл жетістігі кездейсоө емес, себебі жас өнерпаздың «Эта любовь» әні Оңтүстік-Шығыс Азия, Еуропа және ТМД елдерінің чарттарында көш бастап, Амирчикті Азиядағы тыңдармандардың сүйікті әншілер қатарына енгізіп, сондай-ақ Meletop сияқты Азияның басты шоуының жұлдызына айналдырды. «Эта любовь» алты тілде шығарылған.
Ресей мен ТМД-ның үздік музыкалық продюсері Alex Davia-мен ынтымақтаса отырып, Амирчик еліміздің басты радиостанцияларында орындалатын көптеген табысты әндерді, сондай-ақ Мари Краймбрери, МОТ, Милана Стар және кореялық әнші Haru сияқты әртістермен жарқын дуэттерді шығарды.
Соңғы екі жылда әртіс Ресейде, Еуропада және Оңтүстік-Шығыс Азияда жүздеген концерт берді.
2023 жылы Ресейдің барлық музыкалық арналарынан музыкалық марапаттарға ие болды.
2024 жылы Ru TV арнасының «Жыл серпіні» сыйлығын, Жара арнасының Freshman сыйлығын және Муз ТВ «Қайта оралу» жүлдесін алды.
Амирчиктің шығармашылық жолындағы тарихи оқиға - Юрий Шатуновтың аңызға айналған «Розовый вечер» әнінің жаңа орындаудағы шығарылымы болды. Бұл әнді бүгінде 2 жастан бастап жаңа буын Амирханның арқасында біледі, ал аға буын Юрийдің ізбасары ретінде дарынды, нұрлы әрі көңілі ашық өнер иесін Амирді көреді.
Амирчик - барлық жастағы тыңдармандарға арналған өлең жолдарымен әрленген керемет әндер мен музыканың мүлдем жаңа дәуірі.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

.jpg?w=220&h=300)