Андреа Ванцо концерті Астана қаласында
Андреа Ванцо - күн шуақты Италиядан шыққан, қазіргі заманның ең танымал композиторларының бірі. Оның шығармалары миллиондаған тыңдалым жинап, әсіресе Instagram мен TikTok желілерінде кеңінен таралған. Бүгінде оның музыкасы әлемнің түкпір-түкпіріндегі Reels-терде жиі естіледі. Қазірдің өзінде композитор тыңдармандарының саны 1 миллионнан асты.
Андреа Ванцоның музыкасы көбіне пост-минимализм стиліндегі нәзік ностальгия сезімін тудырады. Ол заманауи классикалық және неоклассикалық бағыттарды шебер үйлестіріп, жаңа кинематографиялық музыкалық тіл қалыптастырды.
Биыл қараша айында Андреа Ванцо Қазақстандағы тыңдармандарын тағы да қуантпақ. Концерттік тур аясында ол көпшілік сүйіп тыңдайтын туындыларымен қатар, жаңа шығармаларын да орындайды.
Автор-композитор Андреа Ванцоның орындауындағы ғажайып музыканың сиқырына бөленуге сіздерді шақырамыз!
Назар аударыңыз! Жаңа ережелерге сәйкес, кешке кешіккен көрермендер залға тек антракт кезінде, бірінші бөлім аяқталған соң ғана кіре алады.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
